Соғыс жылдары М.Ауезов, Н.Оңдасынов, І.Омаров, С.Мұқанов және т.б. зиялыларымыздың ықпалымен 1944 жылы ашылған, жоғары оқу орындарының бірі және бірегейі – Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті (ҚазҰҚПУ) болып табылады.
ҚазҰҚПУ 58-ден астам шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастық орнатып дамытуда.
Қазіргі кезде бәсекеке қабілетті университет профессор-оқытушылар құрамымен, заманауи аудиториялармен, заман талаптарына сай зертханалармен жабдықталған. Университетте 5 институт, 24 кафедра кәсіби мамандар даярлауды жүзеге асырады. Сондай-ақ, университет қарамағында Балаларды ерте жастан дамыту және отбасын зерттеу, Формальды емес білім беру, Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік, Инклюзивті және арнайы білім беру дамыту орталықтары жұмыс жасайды.
ЖОО кітапханасының кітап қоры 50.000-нан асады. 2024 жылы кітапхана тарихи келбетін сақтай отырып, заманауи талаптарға сай күрделі жөндеуден өтіп, толығымен жаңартылды. Кітапханаға университетте 35 жылдан астам жұмыс істеген белгілі педагог, ғалым, КСРО Халық ағарту ісінің үздігі Сералы Қаниев атамыздың есімі берілді. Кітапхана жеке оқу кабиналарымен, тынығу бөлмесімен және оқу залдарымен жабдықталған.

С.Қаниев атындағы кітапхананың ішкі оқырман залы

С.Қаниев атындағы кітапхананың орталық залы
Студенттік өмір – жастық шақтың ең жалынды кезі болып саналады. Осы орайда университетімізде «Жастар саясаты орталығы» жұмыс жасайды. Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыра отырып, оларды азаматтық-патриоттық рухта тәрбиелеуге бағыттайтын бұл орталық университетте қыздарымыздың жан-жақты дамуына арналған әртүрлі мәдени-рухани, танымдық, әлеуметтік, спорттық және шығармашылық іс-шараларды ұйымдастырады.
Сонымен қатар, университетте жастардың жан-жақты дамуына бағытталған 18-ден астам белсенді студенттік ұйымдар да жұмыс істейді
Жаратылыстану институтының түлектері ретінде институтымыздың бүгінгі хал-ақуалына жеке тоқталсақ. Жаратылыстану институты – болашақ биология, арды, зерттеушілерді, география және химия мамандықтары бойынша педагогтер мен ғылыми қызметкерлерді даярлайтын жетекші құрылымдардың бірі. Институтта 3 кафедра (биология, география және химия) жұмыс жасайды.
Биология кафедрасы төмендегідей білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады:
Сонымен бірге кафедрада 16 ғылым кандидаты, 9 PhD және 20-ға жуық ғылым магистрлері қызмет атқарады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігі көрсетілетін қызмет сапасының негізі болып табылады. «Биология» кафедрасының негізгі штаты – жоғары білікті педагогтар, кәсіби міндеттердің кең спектрін шешуге құзыретті ғалымдар. Ғылыми дәрежелері мен атақтары бар ПОҚ үлесі – 60%. А-ш.ғ.к., профессор Байташева Г.У., PhD, қауымдастырылған профессор Калиева А.Н. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері. ПОҚ біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар (курстар, семинар-тренингтер, тағылымдамалар) жоспарлы түрде ұдайы жүргізілуде. Соңғы үш жылда ПОҚ-ның 100%-ы біліктілікті арттыру бағдарламаларынан өтті. Студенттеріміздің оқу-дала практикалары Алматы облысының Қонаев қаласында және Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өтіледі. Сонымен қатар, педагогикалық практика Алматы қаласының мектеп, гимназия, лицейлері мен Назарбаев зиаткерлік мектептерінде өтіледі.
Кафедраның заманауи жабдықталған зертханалық базасы (Цитология, генетика, микробиология, ботаника және зоология зертханалары) студенттерге сабақтарда сандық микроскоптар мен интерактивті құралдарды еркін пайдалануға және әртүрлі ғылыми жобаларға қатысуға мүмкіндік береді.

Биология кафедрасына қарасты «Биотехнология және биомедицина» және «Сынама дайындау зертханалары»

Биология кафедрасының аудиториялары
(кафедраға қарасты барлық аудиториялар жаңартылған)
Жаратылыстану институты студенттері қауіпсіз ортада өмір сүрулері қамтамасыз етілетін, университет ауласында орналасқан тұрғын орнымен қамтамасыз етіледі. №1 жатақханада әртүрлі ғылыми-танымдық және шығармашылық іс-шаралар үздіксіз жүзеге асырылады. Мұнда оқу залы, ас үй және жаттығу залдары бар.
Университет аумағында сонымен қатар жүзу бассейні де жұмыс жасайды, университет студенттері кез келген уақытта кәсіби жаттықтырушылардың көмегімен жүзуден сабақ ала алады.
ҚазҰҚПУ Биология кафедрасы – кәсіби білім беруге және ғылыми қызметке қабілетті, педагогикалық, терең зерттеушілік, басқарушылық дағдылары қалыптасқан, ғылыми жетістіктерін білім беруде пайдалана алатын, нарық экономикасы сұранысына сай, ізденімпаз жоғары білімді бакалавр биология мұғалімдерін, сонымен қатар педагогика ғылымы магистрлерін және биология саласында терең теориялық білімі бар, ғылыми-зерттеу және педагогикалық инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана алатын философия докторларын (PhD) дайындайтын педагогикалық ұжым.
Құрметті білім және ғылым жолын таңдаған талапкер! Егер Сіз де еліміздің педагогика және ғылым салаларының өркендеуі мен көгеруіне үлес қосқыңыз келсе, Қыздар педагогикалық университетінің қара шаңырағы Сізді күтеді.
Құрметпен, Биология кафедрасының түлектері әрі оқытушылары:
Қоңырова Ж.Б., Әбітай Ә.Н.,
Сыпабекқызы Г., Саркытбаева А.К.,
Бекжигитова А.А.
In Almaty, two fraudulent girls who collected money for the treatment of a "sick" child were arrested