Гүлсезім Алтайбекова кикілжіңге қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ол TikTok арқылы түрмеге қамалғаны жөніндегі қауесеттерді жоққа шығарды.
«Менің түрмеге қамалғаным туралы ақпарат шындыққа сәйкес емес. Мен жаза өтемедім және сотталған жоқпын. Қақтығыс бейбіт жолмен шешілді», — деп жазды Гүлсезім Алтайбекова.
Бұған дейін қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекова Бали аралында ұсталғаны туралы ақпарат тараған.
Оған Ресей блогері Карина Фадееваға барда шабуыл жасады деген күдік тағылған. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алтайбекованың тергеу жүріп жатқан аралықта 60 күнге қамалғаны хабарланған.
Related news