Қазақстанның оңтүстігінде Тараз, Қызылорда және Түркістан қалаларында ресейлік мектептер салынады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин «Россия 24» телеарнасына берген сұқбатында мәлімдеді.
Елші сөзінше, жаңа мектептерде орыс тіліне басымдық беріледі.
Былтыр Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин мемлекетаралық қарым-қатынас пен жан-жақты стратегиялық серіктестік бойынша декларацияға қол қойған еді. Сол кездегі келісімге сәйкес, Ресейдің Омбы, Астрахан және Орынбор қалаларында қазақ мектептерін ашу жоспарланған.
Айта кетейік, Алексей Бородавкин 2018 жылғы 7 ақпаннан бері табан аудармай Ресейдің Қазақстандағы елшісі қызметін атқарып келеді.
The Prime Minister: A film will be made based on the plot of the short story “The Death of the Tazy.”
