2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындары Алматы қаласында ұйымдастырылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Азия Олимпиадалық кеңесі хабарлады.
Алғашында ойындар Сауд Арабиясында өтеді деп жоспарланған еді. Алайда кейін жарыстың мерзімі белгісіз уақытқа шегерілген. Қабылдаушы қала жөніндегі келісімге АОК пен Қазақстан тарапы Италияның Милан қаласында бейсенбі күні қол қоюды жоспарлап отыр.
Еске салсақ, қысқы Азия ойындары Азияның ең ірі спорттық додаларының бірі болып табылады.