Қазақстан мен Беларусь әскерилері бірлескен оқу-жаттығулар өткізеді

2926
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/3e8d7727-8262-4bb0-b00a-118ab7b52ce4.jpeg
  Беларусь пен Қазақстан республикаларының арнайы операциялық күштерінің бөлімшелері бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізеді. Беларусь Республикасының Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, шара 5-21 тамыз аралығында «Көктал» полигонында және Іле Алатауының оқу-жаттығу тастары, шыңдары мен асулары аумағында өтеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Оқу-жаттығулар барысында арнайы операцияны жоспарлау, сонымен қатар тірі атыс, альпинистік техниканы пайдалана отырып іздестіру жұмыстарын жүргізу, артиллериялық атыстарды реттеу және ұшақтарды бағыттау мәселелерін пысықтау жоспарлануда.

”Адырна” ұлттық порталы

Comments