Ер адам Алматыда сирек кездесетін қар барысын жақыннан видеоға түсірген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengri Travel-ге сілтеп.
Алматы тұрғыны жыртқышты Алма-Арасан шатқалында кезіктірген.
Қар барысы теңіз деңгейінен шамамен 1700-2500 метр биіктікке дейін төмендеген. Әдетте аса сақ келетін жыртқыш тек биік тауларда орнатылған фототұзақтарға ғана түсетін. Түсірілім кезінде барыс аң аулап, олжасын жеп жатқан.
Сирек кадрлардың авторы — кәсіпкер Анатолий Гаипов. Оның айтуынша, жыртқыш онымен шамамен 30–40 метр қашықтықта болған.
«Алдымен адреналин болды, кейін сабыр мен жинақылық келді. Мұндай сирек сәтті міндетті түрде камераға түсіру керек деп ойладым», — дейді ол.
Анатолий Алма-Арасан шатқалына жақын жерде тұрады. Ол бұған дейін аю мен қасқырларды алыстан көргенімен, жабайы жануармен мұншалықты жақын кездесуі алғаш рет болғанын айтады.
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
