Оңтүстік Кореяның экс-бірінші ханымы сотталды

461
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/q6wqkxyUYUygqWhvG9OJPGHpT8OAwb8161m1dwZI.webp

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің жұбайы, кәсіпкер Ким Гон Хи сыбайлас жемқорлық ісі бойынша 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы сәрсенбі күні Yonhap агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сот Ким Гон Хи «Бірігу шіркеуі» атты діни ұйымнан қымбат сыйлықтар алғаны үшін кінәлі деп танылды. Тергеу барысында оның Chanel сөмкелері мен бағалы әшекейлер алғаны анықталған. Сонымен қатар кәсіпкер акциялармен манипуляция жасау және саяси қызметті қаржыландыру туралы заңды бұзу айыптары бойынша ақталды.

Айта кетейік, айыптау тарапы бастапқыда Ким Гон Хиге 15 жыл түрме жазасын сұраған болатын.

Оңтүстік Кореяның экс-бірінші ханымын қамауға алу туралы шешім 2025 жылғы 12 тамызда қабылданған еді. Бұған дейін ол сот отырысында көпшілік алдында кешірім сұраған болатын.

 

Comments