"Перекресток" сериалының актері қайтыс болды

373
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OhfEjhBgtliuTxO3NS09Ya7hD3JGov0oGRMd0mNh.jpg

Белгілі театр және кино актері Анатолий Креженчуков 76 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қаралы хабарды Михаил Лермонтов атындағы ұлттық орыс драма театры жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Өнер иесі ұзақ уақыт бойы ауырған.

«Театрымыздың ақсақалы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Анатолий Креженчуков дүниеден өтті. Әртіс ұзақ уақыт бойы ауыр дертпен күресті, алайда соңғы сәтке дейін оның ішкі күш-қуаты мен өмірсүйгіштігі сырқатты жеңуге көмектеседі деп үміттендік… Өкінішке қарай, адам мүмкіндігі шексіз емес», — делінген жарияланымда.

Креженчуковтың шығармашылық өмірі 1973 жылы басталған. Құрманғазы атындағы Өнер институтының актерлік факультетін бітірген соң ол Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрына жұмысқа кірген. Театр труппасына қосылған соң бірден А. Арбузовтың «Ескі Арбат ертегілері» пьесасындағы Кузьма Балясников рөліне тағайындалған.

Қырық жылдан астам уақытын орыс драмасына арнаған Анатолий Николаевич жүзден астам жарқын образды сомдаған. Кең аудиторияға ол «Перекресток» сериалындағы доктор Платонов рөлімен есте қалды.

Comments