Өзбекстан әскері әлемдік рейтингте алға жылжыды. Қазақстан былтырғы орында қалды

254
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UtfwIVxqNJYd6okntVYgw7wXM6SCNFeBkYE5mJSR.jpg

Өзбекстан қарулы күштері 145 ел арасындағы Global Firepower рейтингінде 53-орынға көтеріліп, былтырғы көрсеткіштен 5 саты жоғарылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Рейтингке сәйкес, әскердің жалпы саны шамамен 120 мың адам, қару-жарақтарында 470 танк, 8,6 мыңнан астам бронетехника және 159 ұшақ пен 101 тікұшақ бар. Көптеген қару-жарақтар жедел әрекетке дайын.

Өзбекстан Орталық Азиядағы ең күшті әскери держава болып саналады.  

Жыл сайын жаңартылатын Global Firepower индексі 50-ден астам көрсеткіш бойынша бағаланады, тек бейядролық әлеует есепке алынады. Рейтингтің көшбасшылары – АҚШ, Ресей және Қытай.

Рейтингтің топ бес еліне Үндістан және Оңтүстік Корея, ал топ-10 қатарына Франция, Жапония, Ұлыбритания, Түркия және Италия кірді. Украина топ-20-ны аяқтайды.

Ал Қазақстан былтырғыдай 58-орында қалды.

Comments