Үкімет отырысында Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының жаңадан тағайындалған төрағасы Талғат Ғазизовқа ескерту жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Талғат Ғазизов елдегі туризмді дамыту бойынша есеп берді.
«Сіз жаңа қызметке келдіңіз, бірақ нақты нәтиже күтеміз. Нәтиже болса – жұмыс жалғасады, нәтиже болмаса – қоштасамыз», – деді пермьер-министр.
Айта кетейік, Талғат Ғазизов «Kazakh Tourism» компаниясын 2026 жылдың қаңтарынан бастап басқарып келеді. Бұған дейін ол «Қазпошта» АҚ-да басқарушы директор болған. Компания туризм саласына инвестиция тарту, маркетинг және Қазақстанның шетелдегі имиджін ілгерілетумен айналысады.
Related news
The idea of mold at the neighbor's expense. Those who sold Russian wheat on behalf of Kazakhstan were arrested
"All the land in Uskemen belongs to Akhmetov, and the suburbs of Astana belong to Shokeev" - the deputy said to the minister
