"Адырна" ұлттық порталының ютуб арнасында Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты Марат Қойлыбаев сұхбат берді.
Спикер Қазақстандағы әскер мәселесіне қатысты подкастында өз ойымен бөлісті. Ол әсіресе ата-аналардың баласын әскерге жіберудегі қорқынышы мен қауіптеріне тоқталды.
Подкаст барысында 2019–2024 жылдары әскерде 270 жас жігіт қаза тапқаны айтылды.
Сонымен қатар көшеден күштеп әкету, сарбаздар өлім-жітімі, жас сарбаздарды соғысқа дайындау, «Ашамайға отырғызу» дәстүрін жаңғырту мәселелері де қаралды.
Related news