«Атырау-Жарық» АҚ электр желілерінің 80 қызметкері жұмысқа шығудан бас тартты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, жиналғандар жалақыны екі есе көбейтіп, қалыпты еңбек жағдайын жасауды талап етті.
3 тамызда «Атырау-Жарық» АҚ Жылыой аудандық электр желілері бөлімшесінің 80-ге жуық қызметкері жұмысқа шығудан бас тартып, оның орнына митингке шықты. Олар жалақыны екі еселеп, қалыпты еңбек жағдайын жасауды талап етеді. Акция 4 тамызда да жалғасқан.
“Адырна” ұлттық порталы
Related news
KASYM-ZHOMART TOKAYEV: The thermal power station of the capital is managed by a lawyer, the thermal transit is managed by an agronomist, and the city water channel institution is managed by a zootechnician.
