«Әбіл» фильмі халықаралық фестивальде екі жүлдеге ие болды

237
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/S1iH3ErfOwnGiT8qbAljEheYXTTTHfcwJijVXHLd.jpg

Қазақстандық «Әбіл» толықметражды көркем фильмінің қоюшы-операторы Йоланта Дылевска мен актер Ерлан Төлеутай 24-і Dhaka International Film Festival-де "Үздік қоюшы-оператор" және"Үздік актер" жүлделеріне ие болды.   Бұл туралы туындының режиссері Елзат Ескендір айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Халықаралық кинофестиваль қаңтар айының 10-18-і аралығында Бангладеш астанасы Дакка қаласында өткен.                                                                                                       

«Биыл 24-і рет өткізіліп отырған Дакка халықаралық фестивалі - Бангладештің бас фестивальі. Фестивальдің биылғы конкурстық бағдарламасына норвегиялық кинопродюсер Ингрид Лилл Хёгтун, италиялық кинопродюсер, дистрибьютор Лидия Генчи, бангладештік белгілі актриса Сайеда Тухин Ара Карим, жапониялық режиссер Масахиро Ото, түркиялық режиссер Рейис Челик қазылық етті.  Фестивальге Қытай, Иран, Индия, Қырғызстан және тағы басқа елдердің фильмдері қатысқан.  "Әбілдің кезекті жүлдесіне әрі әлемдік көрермендер кеңістігінің кеңейуіне біз бек қуаныштымыз»,- деп жазды Елзат Ескендір.

Бұған дейін «Әбіл» фильмінің  14 қаңтардан бастап Франция кинотеатрларына прокатқа шығатынын жазған едік.

Comments