Испанияда пойыздардың соқтығысуынан болған апатта қаза тапқандар саны 39 адамға жетті. Жалпы 484 жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі EFE агенттігіне сілтеме жасап.
Апат 18 қаңтар күні кешке болған. Темір жол желісін басқарушы Adif компаниясының мәліметінше, Малагадан Мадридке қатынайтын Iryo 6189 пойызы рельстен шығып, қарсы келе жатқан пойызды жолдан шығарған.
Алдын ала ақпарат бойынша, екі құрамда барлығы 400-ге жуық адам болуы мүмкін. Қазіргі уақытта бұл учаскеде пойыздар қозғалысы толығымен тоқтатылды.
Еске салайық, бұған дейін Испанияда екі жүрдек пойыздың соқтығысқанын жазған едік.
Related news