Иран билігі елді жаһандық интернеттен толық ажыратуды жоспарлап отыр

160
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/YrhtzjpwrShMwr9vPFVxhAPZs0hA2szGXSlnUUfg.jpg

Иран билігі халықты интернеттен ажыратпақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Filterwatch ұйымы жариялаған есепке сәйкес, Ислам Республикасы бұрынғы жаппай интернет цензурасынан бас тартып, әлдеқайда қатаң әрі қауіпті жаңа стратегияны таңдаған. Белсенділердің айтуынша, билік халықты сыртқы интернет кеңістігінен толық оқшаулауды көздеп отыр.

«Мемлекеттік БАҚ пен үкімет өкілдері бұл өзгерістің уақытша емес, тұрақты сипатқа ие екенін ашық айтып отыр. Олардың мәлімдеуінше, 2026 жылдан кейін де Иранда жаһандық интернет толық көлемде қайта қалпына келмейді», – деп жазады құқық қорғаушылар.

Кей БАҚ мәліметінше, қауіпсіздік рұқсаты бар немесе үкіметтік тексеруден өткен ирандықтарға ғана жаһандық интернеттің шектеулі, сүзгіден өткен нұсқасына қол жеткізуге мүмкіндік берілуі мүмкін. Ал қалған азаматтар үшін тек ұлттық интернет қана қолжетімді болады. 

Айта кетейік, бұған дейін Иранда ұлттық валютаның күрт құнсыздануынан кейін жаппай наразылықтар басталғаны хабарланған. 

Comments