Біздің ұлттық мәдени формациямыз егемендік алғаннан кейін үлкен кері тартпа өзгерістерге шалынып жатқан жағдайы бар, ол мысалы ескі пәтердің сыртқы косметикалық ремонты секілді, не соғылған көлікті арзан реставрация жасап сатуға арналғандай ма деймін.
Қозы Көрпеш тарихи кесене сол жағдайды анық көрсетіп тұр, көне заманнан бері талай ғасыр қабырғасына ізін салып кеткен аңыз нысан дербес мемлекет болған мезетте аяқ астынан "реставрацияланып", кәрі адамның бетіне косметика жағып, өтірік кірпік желімдеп, ерні мен бетіне ботекс салып тастаған кемпір секілді сезім қалдырады. Бұл жағдай мәдениеттен жұрдай азаматтардың тірлігі, бұл шынайы тарих пен дәстүрге жасалған қиянат деуге болады деп есептеймін.
Мәдени Құлдырау жау шапқанмен бірдей, жалған мәдени даму тамырымызды балтамен шапқанмен тең, өйткені көш басында нарық пен бизнес, билік пен экономика, ал мәдениет көш соңында әрең ілесіп, етектеріне жармасып тастап кетпесе екен дегендей жалтаңдап келеді. Құндылықтар байланысы үзіліп, жасанды синтетикалық ұғым басым болған заманда шынайы өркениетіміз ойыншық болып қалған түрі бар...
Бұл менің жеке ойым, өз түйген түйінім.
88% of those who follow destructive religious movements have had a direct influence from social networks ...