Ирандағы жағдай. Air Astana шұғыл мәлімдеме жасады

439
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8SnwBBBy3kbGQlreqO2lDbHua9oIPodJr3gu9N8H.webp

Air Astana әуе компаниясының ұшақтары Иранның әуе кеңістігін айналып ұшатын болады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Air Astana Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің маршруттық жолдарының өзгерістері туралы хабардар етеді. Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға рейстер Иран әуе кеңістігін айналып ұшады»,-делінген хабарламада.

Компания жағдайды мұқият бақылайтынын атап өтті.

«Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі рейстер кестесінде өзгертулер болады»,-деп толықтырды Air Astana.

Бұған дейін Иранның азаматтық ұшақтар үшін өз әуе кеңістігін жабу туралы ресми хабарлама таратқанын жазған болатынбыз.

Айта кетейік, Иран билігі АҚШ ел ішіндегі үкіметке қарсы наразылықтарды қолдауға әрекет етсе, ауқымды әскери жауап беруге дайын екенін ескерткен еді.

Comments