АҚШ Каспий құбыр консорциумы терминалы маңындағы танкерлерге жасалған шабуылдардан кейін Украинаға қысым көрсетуі тиіс. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ірі акционерлердің бірі – Chevron. Украина АҚШ-тың қолдауына қатты тәуелді екенін білеміз. Chevron – әлемдегі соңғы компаниялардың бірі емес. Меніңше, АҚШ және басқа да серіктестеріміз бірігіп, Украинаға өз мақсаттарын дұрыс таңдауы үшін қысым көрсетуі тиіс», – деді ол.
Сарым бұл мәселенің тек Қазақстанға ғана қатысты емес екенін атап өтті. Айтуынша, Ресей де қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көбірек шара қолдануы керек.
Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Қара теңіздегі мұнай танкерлеріне қатысты оқиғалар жөнінде ресми мәлімдеме жасаған еді.
"The situation of neighboring China is difficult".the Minister assured that there will be no lockdown
Do not go to Israel and Lebanon - the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan made an appeal
