Алматы қаласы ТЖМ бөлімшелері Солтүстік айналым тасжолында орналасқан қоймадағы өртті сөндірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Бірінші өрт сөндіру жасақтары келгеннен кейін қойманың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды, өртті сөндіруге 85 адам жеке құрам мен 22 бірлік техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
1900 шаршы метр алаңды шарпыған өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Related news
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival