Ресей Америка Құрама Штаттарына қатысты жаңа санкциялық шаралар енгізілгенін мәлімдеді.
Ресми ақпаратқа сәйкес, АҚШ МИР төлем жүйесінен ажыратылды. Бұл шешім қаржылық операцияларға әсер етіп, халықаралық төлемдер саласында белгілі бір шектеулер тудыруы мүмкін.
Сонымен қатар, Yandex компаниясы АҚШ аумағындағы серверлерін өшіру және елден шығару процесін бастағанын хабарлады. Ал VK Видео АҚШ-қа тіркелген аккаунттар үшін монетизацияны ресми түрде тоқтатты.
Бұдан бөлек, бірқатар ірі ресейлік компаниялар — «Добрый», «Вкусно и точка», Rostic's және АвтоВАЗ — АҚШ нарығынан кету туралы шешім қабылдағандарын мәлімдеді. Бұл қадамдар санкциялардың бизнеске тікелей әсер етіп отырғанын көрсетеді.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілер мен онлайн сервистерге қолжетімділік мәселелері де тіркелуде. Атап айтқанда, Одноклассники, VK және MAX мессенджерінің жұмысында қиындықтар байқалғаны туралы ақпарат тарады.
Айта кетейік, аталған платформалар VK компаниясына тиесілі, ал бұл компания АҚШ-та экстремистік деп танылып, тыйым салынған.
Attack in Lebanon. The Ministry of Defense provided an update on the condition of Kazakh peacekeepers
“Marks of a rope were found on his body.” The brother of the officer who passed away in Zharkent shared his thoughts
