Зілзала ескертуі. Президент баспасөз мәслихатын аяқтамай тоқтатты

64
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ilY6LqJ4pDspS7nRQKsFhdC7sc9GVax0IeleEeRj.jpg

Мексика президенті Клаудия Шейнбаум жер сілкінісі туралы ескерту салдарынан баспасөз мәслихатын тоқтатты. Report агенттігінің хабарлауынша, баспасөз мәслихатының тікелей эфирі YouTube-та көрсетілген, деп хабарлайды “Адырна”.

Шейнбаумның сөз сөйлеп жатқанында, Герреро штатындағы жер сілкінісі туралы ескерту сигналдары естілген соң, оның баяндамасы тоқтатылды.

Мексиканың Ұлттық сейсмологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі Герреро штатының Сан-Маркос қаласынан 15 км оңтүстік-батысқа қарай орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 6,5 болды, ал эпицентр тереңдігі шамамен 10 км құрады.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Comments
Other materials