Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желіде қазыны тұздап жатқан суретін жариялап, Жаңа жылды қалай қарсы алғанын жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
Өңір басшысы Тhreads әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
«2026 жылдың алғашқы кешін кім қалай өткізіп жатыр?
Мен болсам соғымды реттеп, қазы тұздауға кірістім.
p.s. қатаң сынға алмаңыздар, Інішектің түсіріп алған фотосы»,- деп жазды ол.
Оқырмандағы әкімге таңдаңысын жеткізіп, қолдау білдіріп жатыр.

Айта кетейік, желтоқсанда Асаин Байхановтың әпкесі Айгүл Байханованың мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалғаны туралы айтылған болатын. Сол уақытта Асаин Байхановтың өзі Threads-те барлық азаматтар заң алдында тең деп жазба жариялаған.
Related news