Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясы аумағындағы көмір шахтасында көмір мен газдың кенеттен бөлінуі салдарынан төрт адамның мәйіті табылды. Тағы үш адам хабар-ошарсыз жоғалған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға 24 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:10-да Даин көмір шахтасыаумағында болған.
Қазіргі уақытта оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Апаттың себептерін анықтау үшін тергеу басталды.
Related news