Мұз астына түскен ер адамды құтқарған азамат марапат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиға 10 желтоқсанда Есіл өзеніндегі Марал көпірі маңында болған. Серуендеп жүрген Азамат Омарұлы көмек сұраған дауысты естіп, суға батып бара жатқан адамға дереу ұмтылған.
Суға батқан 1963 жылы туған ер адам.
Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен Азамат Айткен «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды.
Салтанатты рәсімде Астана қаласы ТЖД бастығы Марат Күлдіков Азамат Айткенге медальді табыстап, батыл әрекеті үшін алғысын білдірді.
Related news