Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары аясында жалпы сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандырудың маңызын атап өтті.
Оның айтуынша, 2023 жылы Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы шамамен 2 миллиард долларға жеткен. Қазақстан Жапония нарығына уран, сирек кездесетін металдар және мұнай экспорттайды.
Президент Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» форматындағы бизнес форум екіжақты байланыстарды тереңдетуге және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретінін айтты.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 17 желтоқсанда Жапонияға ресми сапармен барған.
In the USA, the investigation of Elon Musk's company, which put a chip in the brain of animals and severely tortured them, began