Зейнетақы қорындағы қаржыны пластикалық отаға пайдалануға тыйым салынды

165
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/aN2jUk1tiawF1pHT2PYv7I8v4RTs1Lojs0k9q7eH.jpg

Отбасы банк зейнетақы жинағындағы артық ақшаны пластикалық операцияға жұмсауға тыйым салды, деп хабарлайды "Адырна". 

«Құрметті клиенттер, 2025 жылдың 12 желтоқсанынан бастап enpf-otbasy.kz платформасында «Реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық)» мақсаты бойынша зейнетақы жинағындағы артық ақшаны пайдалануға өтінімдер қабылданбайтынын хабарлаймыз. Осы күнге дейін берілген өтінімдер штаттық режимде өңделетін болады», – делінген банк хабарламасында.

2025 жылдың қарашасында қазақстандықтар пластикалық операцияларды төлеу үшін 2 277 өтініш берген. Бір айдың өзінде орындалған өтініштердің сомасы 2,1 млрд теңгеге жеткен.

Comments