АҚШ-тан 2,5 миллионнан астам заңсыз иммигрант кеткен

389
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Xvq3UTkRyESMJrHHF4YtQhB6fES0mIVn1RZk1xPy.jpg

2025 жылдың қаңтарынан бері АҚШ-тан 605 мың заңсыз мигрант мәжбүрлі түрде шығарылып, 1,9 миллион адам елден өз еркімен кеткен. Бұл туралы  АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Заңсыз мигранттар елден қазір кету жөніндегі үндеуімізді естіп отыр. Олар мұны жасамаса, біз оларды тауып, ұстайтынымызды біледі. Сондай-ақ елге енді ешқашан қайта оралмайтынынан хабардар»,- делінген хабарламада.

Сондай-ақ мигранттарға арнайы қосымша арқылы елден өз еркімен кетуге шақыру жарияланды. Бұл қосымша Отанына тегін ұшып баруға, сондай-ақ 1 мың доллар көлемінде қаржылай көмек алуға кепілдік береді.

Comments