Жетісу облысы Алматы-Өскемен тас жолының 462-шақырымында ірі жол апаты тіркелді. Салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна".
Полиция дерегінше, оқиға 10 желтоқсанда боран мен көктайғақ салдарынан болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, KIA көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, Toyota маркалы автокөлікпен соқтығысқан.
Полицияның хабарлауынша, жол апаты салдарынан 4 адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы 4 жолаушы түрлі жарақаттармен жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.
Related news
There is no place in the Kazakh class". The Internet says that the Russian class is being created "on purpose".