Алматының ауасы. Экологиялық жағдай жақсара ма?

195
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6ZJFPkBj1glSEuGqFUVfWAmSKf6vaffkiLmBJZzR.webp

Алматы қаласында жақын күндері экологиялық жағдайдың жақсаруы күтіледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, жауған жаңбыр мен қар, сондай-ақ желдің күшеюі атмосферадағы зиянды заттардың таралуына ықпал етіп, смогтың сейілуіне мүмкіндік береді.

Экологтардың мәліметінше, желсіз күндер мен жауын-шашынның аз болуы биыл Алматыдағы ауа сапасының нашарлауына себеп болған. Ал желмен бірге жауған жаңбыр мен дымқыл қар табиғи сүзгі қызметін атқарып, ауадағы ұсақ шаң-тозаң мен зиянды бөлшектерді жерге «шайып түсіреді». Кей жағдайларда осындай табиғи құбылыстардан кейін ластаушы заттардың мөлшері бірнеше сағат ішінде 80 пайызға дейін азаюы мүмкін. Әсіресе PM2.5 көрсеткішінің төмендеуі айқын байқалады.

Қазақстандық Экологиялық аудиторлар палатасы қауымдастығының оқу орталығының директоры Райдин Қасымов жауын-шашын мен желдің аздығы экологиялық жағдайды ушықтырғанын атап өтті.

«Бұл жағдай атмосфералық ауаның сапасын едәуір төмендетті», – деді.

Синоптиктердің хабарлауынша, Алматыда алдағы күндері құбылмалы ауа райы сақталады. Қалада жаңбыр мен дымқыл қар жиі жауып, түнде ауа температурасы аздап төмендесе, күндіз жылы болады деп күтілуде. Өңір арқылы өтетін циклондар мен желдің күшеюі ауаның табиғи жолмен тазаруына қолайлы жағдай жасайды.

Comments