Астанада екі автобус соқтығысып, біреуінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды "Адырна".
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала деректерге сәйкес шағын автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аялдамада тоқтап тұрған жолаушылар автобусына соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан шағын автобустың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді, оларға медициналық көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.
Related news