Ангелина Лукас WBF белбеуін иеленді

657
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ztWqqdczdYBMEYubUjrnhLVUNCHcB0sL7S9VikyU.jpg

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Дубайда өткен Fightgecko Combat Series турнирінде WBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуін иеленді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Отандасымыз Танзания өкілі Эгине Каянгемен кездесті. Жекпе-жек он раундқа жоспарланғанымен, мерзімінен бұрын аяқталды. Лукас үздіксіз қысым көрсетіп, көптеген дәл соққы жасады. Төртінші раундта денеге бағытталған сериялы соққылардан кейін қарсыласы бұрышта тізерлеп қалды.  Рефери нокдаун санағанымен, танзаниялық боксшы жекпе-жекті жалғастыра алмады. Сөйтіп нәтижесінде нокаут тіркелді.

Өткен айда Лукас америкалық Кэтрин Ренеге қарсы өткен жекпе-жекте сенсациялық түрде жеңілген болатын. Алайда қарсыласы допинг-бақылаудан өте алмағандықтан, аталған кездесу ресми түрде «өтпеді» деп танылды.

Айта кетейік, 28 жастағы Ангелина Лукастың кәсіби рекорды қазір 16 жеңіс (соның 9-ы нокаутпен) және 1 жеңілістен тұрады.

Comments