Қырғызстанда кезектен тыс парламенттік сайлау өтіп жатыр

335
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2PVKEuDGFH2K2t5zHCzSnnpFtUIAfX9h4KGlti9p.webp

Бүгін, 30 қараша Қырғызстанда Жогорку Кенештің (Парламенттің) кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Бұған дейін екі ай бұрын Жогорку Кенеш өз өкілеттік мерзімі аяқталуына бір жыл қалғанда өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды “Адырна”.

Негізгі сайлауға дайындық шеңберінде қазан айында елдің барлық аймағында сынақтық дауыс беру өткізілді.

Қазір Қырғыз Республикасының Орталық сайлау комиссиясы үш саяси партиядан өтінім қабылдап отыр. Олар — «Кырк ууз», «Легаллайз» және «Ынтымак» партиялары.

Сайлау қарсаңында билік оппозицияға қысымды күшейтіп, бірқатар тәуелсіз ақпарат құралдарының жұмысын тоқтатты. Сарапшылар сайлауда бәсекелестік барын атап өткенмен, жаңа парламент президент Садыр Жапаровқа бұрынғыдан да тәуелді болатынын айтады. 

Ресми дерек бойынша, кезектен тыс сайлау өткізу – парламенттік және президенттік сайлаулардың мерзімін ажырату қажеттілігімен түсіндірілген. 

RFI басылымының жазуынша, президенттік сайлау 2027 жылдың басына жоспарланған. Бірақ тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, бұл қадам билікке саяси тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

Саясаттанушы Эмиль Джураевтың айтуынша, билік элитасы үшін президенттік сайлау алдында тұрақты парламенттің болуы маңызды. Оның пікірінше, билік президент сайлауына бір-екі ай қалғанда күтпеген «саяси тосынсыйға» тап болмауды көздейді.

 

Comments
Other materials