«Нұр-Мұқасан» тобының жаңа әншісі өзін Мұқасан Шахзадаев ұрып кеткенін айтты

732
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TlhwmvEzkrPtlRNjXsxg0Ct2gYtwmwEiXdjUQhRq.jpg

«Нұр-Мұқасан” тобының жаңа әншісі Ғалымжан Сүлеймен әлеуметтік желіде белгілі әнші Мұқасан Шахзадаев өзін ұрып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Ғалымжанның сөзінше, Мұқасан Шахзадаев бірнеше адаммен бірге келіп, соққыға жыққан. Соққы салдарынан оның мұрны сынған, денесінде көптеген жарақаттар бар, сондай-ақ қолы мен мұрны сынғаны айтылған. Желіге жүктелген видеода жарақат алған адамның бет-әлпетінде көгерулер мен қанталаған белгілер анық байқалады.

Сондай-ақ, ол Шахзадаевтың бұл оқиға үшін жазадан құтылып кетуі мүмкін деп алаңдаулы. Қоғам белсендісі Жан Ахмадиев пен Заңгер Инга Иманбай бұл істі өз қолдарына алатындарын айтты.

Comments