Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян ресми сапармен Астана қаласына келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Бағдарлама аясында 21 қараша күні екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша бірқатар кездесу өткізілмек.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения премьер-министрі Никол Пашинян 20-21 қараша күндері Астанаға ресми сапармен келетінін хабарлаған еді.
Сапар барысында екі ел арасындағы экономикалық, мәдени және саяси салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқылануы күтілуде.

Related news
Free education will be paid by the war. It was said that in Russia, students going to the war study for free