Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 1,7 млрд теңге сыйақы алу туралы сұраққа жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бүгін, 19 қараша күні Үкіметтегі баспасөз мәслихаты барысында журналистердің бірі 2024 жылы топ-менеджерлер мен директорлар кеңесі өздеріне 1,7 млрд теңге көлемінде сыйақы бекіткені туралы ақпарат шыққанын айтты.
«Ал сол жылы Ұлттық банк 355 млрд теңге шығынға ұшыраған еді. Осындай жағдайда миллиардтаған сыйақы жазып алудың қажеттігі неде болды?»- деп сұрады БАҚ өкілі.
Алайда модератор бұл мәселенің талқыланып отырған тақырыпқа қатысы жоқ екенін айтып, сұрақты тоқтатып тастады.
Сүлейменов те ешқандай түсініктеме бермей, үнсіз қалды.
«Бүгін халықтың әл-ауқаты талқыланып жатыр. Яғни халықтың салығынан үкімет мүшелерінің айлығын, тауып отырған табысын білуге міндетті»,–деп қосты журналист.
Десе де, Сүлейменов БАҚ өкіліне ешқандай кері байланыс бермеді.
"We are speechless about the high price of tickets": Majilis deputy severely criticized "Air Astana"