Қазгидромет ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады

1278
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2N7exXtMgzZFoxzXhhXYY2YFnFPxVxxR3PUf05pL.jpg

«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанның 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

17 қарашада Маңғыстау облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с-қа жетеді.

Ертең Атырау облысында тұман күтіледі. Ал Абай облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, Павлодар облысының солтүстігінде, көктайғақ болады.

Түнде және танертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман түседі.

Жетісу облысында шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с-қа жетеді.

17 қарашада Қызылорда облысының орталығы мен Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Синоптиктердің айтуынша, Қостанай облысында солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, солтүстік және шығыс аудандарда 15–20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай қаласында түнде көктайғақ пен тұман күтіледі.

Comments