Қазақстанда танымал беларусь стримеріне іздеу жарияланды

1317
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6RajyUFn2ykfIYS4KvVA6CD97uLOSaENEiuBwML3.jpg

Қазақстанда Mellstroy лақап атымен танымал беларусь стримері Андрей Буримге іздеу жарияланды. Бұл ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есептер порталында пайда болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Порталдағы мәліметке сәйкес, Буримге қатысты іздеу ісі 15 қарашада тіркелген. Бастамашы орган — Қаржылық мониторинг агенттігі, ал іздеуді Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізеді.

Блогерге не себепті іздеу жарияланғаны әзірге белгісіз. 

Айта кетейік, Буримнің Instagram желісінде 3 миллионнан астам, ал Telegram-да 928 мың жазылушысы бар. Ол ТМД кеңістігінде «трэш-стример» ретінде танымал. Бұл жанрдағы контент көбіне қорқыныш тудыратын, арандатушылыққа толы және кейде шектен шығатын әрекеттерге негізделеді.

Қараша айының басында Mellstroy-дың желідегі арналарын Беларусь экстремистік деп таныған еді.

Comments