Германия Украинаға 40 млн еуро гуманитарлық көмек жібереді

988
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/aZl72UsBaOAFo0WbykVICLfJgC0Vy4H6842ft4is.jpg

Германия алдағы қыс маусымының алдында Украинаға 40 млн еуро көлемінде гуманитарлық көмек жібереді. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Tagesschau агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз үйлердің жылы әрі жарық болуына көмектесеміз», – деді Вадефуль.

Министрдің айтуынша, бөлінген қаржы Украинадағы жылу жүйелерін жөндеуге, сондай-ақ генераторлар мен гигиеналық құралдар секілді қажетті заттарды жеткізуге жұмсалады.

Агенттік мәліметінше, Германияның Украинаға көрсететін гуманитарлық көмегінің көлемі биыл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азайған, себебі СІМ бюджетін қысқарту шаралары қабылданған. 2025 жылы гуманитарлық көмектің жалпы көлемі шамамен 200 миллион еуроны құрады.

Comments
Other materials