Тоқаев пен Путиннің бейресми кездесуі 2,5 сағатқа созылды

1252
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/byMhPGZM3TO3qP41cjoyCpw8h79Nw7rTXzwdF5qS.webp

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин бейресми кездесу барысында 2,5 сағаттан астам әңгімелесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Екі ел басшысы Мәскеуде кешкі ас ішкен.

«Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Кремльде 2,5 сағаттан аса уақыт бейресми жағдайда емен-жарқын әңгімелесті»,—делінген хабарламада.

Еске салайық, 11 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барған еді. Внуково-2 әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Мәскеу гарнизонының құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді.

Comments