Грузияда апатқа ұшыраған ұшақта 20 әскери қызметкер болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Report-ға сілтеп.
Ресми дерекке сәйкес, апатқа ұшыраған Түркияның әскери ұшағының бортында экипаж мүшелерін қоса алғанда, барлығы 20 түркиялық әскери қызметкер болған. Қазіргі уақытта апат болған жерде іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.
«Ұшақта барлығы 20 әскери қызметкеріміз болған. Құтқару топтары оқиға орнында жұмысын жалғастыруда», — делінген министрліктің хабарламасында.
Апаттың себебі әзірге анықталған жоқ.
Related news