Екі ел шекарасына әскери-тасымал ұшағы құлады

1022
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vYMMzRZKfahnriWzEJ0S9Ot2mHqLrXyGGrjSM1NO.webp

Түркия қорғаныс министрлігі Әзербайжаннан Түркияға ұшып келе жатқан C-130 әскери тасымалдау ұшағы Грузия мен Әзербайжан шекарасында құлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министрлік мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстары Әзербайжан және Грузия билік органдарымен бірлесіп жүргізілуде.

Түркия қорғаныс министрлігінің Twitter-дегі ресми парақшасында:

"Әзербайжаннан Түркияға ұшып келе жатқан C-130 әскери жүк ұшағымыз Грузия - Әзербайжан шекарасында құлады. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Әзербайжан мен Грузия билік органдары қатысуда", - деп жазылған.

БАҚ-та тараған мәліметке сәйкес, ұшақ Грузияның мемлекеттік шекарасынан шамамен бес шақырым жерде, Сигнахи муниципалитетінде құлаған.

Report агенттігі ұшақтың Әзербайжаннан Түркияға ұшып бара жатқан болуы мүмкін екенін хабарлаған.

Грузия ІІМ хабарламасында:

"Оқиға Қылмыстық кодекстің 275-бабының 4-тармағы бойынша тергеліп жатыр (әуе қатынасындағы қауіпсіздік ережелерін немесе ұшақ эксплуатациясын бұзу, салдарынан адамдардың абайсызда өлімі). ІІМ кезең-кезеңімен қоғамға толық ақпарат беретін болады", - делінді.

Қазіргі уақытта ұшақтағы адамдардың қауіпсіздігі және қаза болғандар туралы ақпарат жарияланбаған.

Comments