"Жақында тұрмыс құрған". Жарақат алған фельдшердің жағдайы ауыр

628
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/oZOQ8TUXrE84NqgM6x0KsFh4wfBOzC0vJj4flmjJ.jpg

8 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы, 24Б мекенжайындағы тоғыз қабатты үйдің қасбеті құлап, бірнеше адам жарақат алған. Солардың бірі - медицина қызметкері, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жарақат алған бес адамның бірі - жедел жәрдем фельдшері. 23 жастағы Ұлдана Мырзуанға кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысы құлаған. Ол ауыр бас-ми жарақатымен реанимацияда жатыр.

Фельдшердің күйеуі Әділет Зейнелдің айтуынша, оқиға күні Ұлдана зардап шеккендерге көмекке бірінші болып жүгірген. Сол сәтте оған кірпіш пен кондиционер құлап түскен. Ол басына ауыр жарақат алып, ота жасалды.

Науқастан гематома алынып, ми қысымы азайтылған. Қазір дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандыру үшін бірнеше препарат қолдануда, бірақ қандайда бір болжам жасау қиын екенін хабарлаған.

Зардап шеккеннің әйелдің туыстары оқиғаның себебін ғимараттың тиісті тексерілмеуінде және жөндеу жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылмауында деп санайды.

Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнелдің айтуынша, олар жақында отбасын құрған. Желіде тойда түскен суреттер тарап жатыр. 

Қазіргі кезде Астананың денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаны өндірістік жарақат ретінде танып, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Фельдшердің туыстары зардап шеккендердің толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шын мәнінде кінәлілерді анықтау үшін тергеудің әділ өтуін талап етіп отыр.

Әлеуметтік желіде оқиғаға қатысты түрлі пікір тарап жатыр.

Comments