Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресейге мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна".
"Мемлекет басшысы президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады",- делінген ақпаратта.
Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.
Related news
Villagers do not participate in TV rating research. That is why the life of Kazakh programs is short.
