«QazaqGaz» ұлттық компаниясының басшысы Әлібек Жамауов елде газдың көтерме бағасын біртіндеп арттыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна".
Жамауовтың айтуынша, жақында тариф 33% өскеніне қарамастан, Қазақстан әлі де газ ең арзан елдердің бірі болып қала береді. Сонымен қатар компания жыл сайын нарықты шамамен 200 млрд теңгеге субсидиялайды.
"Бағаны кезең-кезеңімен көтеру – энергиялық қауіпсіздікті нығайтуға және елдің барлық аймағын сенімді газбен қамтуға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары газ бағасының өсімі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың көпшілігімен салыстырғанда әлдеқайда төмен болды", - деді ол.
Related news
We need real results, high-speed Internet, and quality communication, not statistics covering the country