QazaqStroy мені қалай алдады?

1577
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Cm1urekkxQIx6YwXJkYCHzPnvsUgErzGQ0GnH8ya.jpg

Осыдан бір жарым жыл бұрын ауылдағы ағам қаладан пәтер ал деп ақша салып жіберді. Іздеп жүріп, ұсыныстары ұнаған соң "Jeti Qazyna" деген салынып бастап жатқан тұрғын үй кешінен пәтер алдық. Міне бір жарым жыл болды, пәтер жоқ. Ауылда ағам үйсіз отыр. Екі ортада мен ыңғайсыз жағдайға қалдым. Әр үй ай сайын ескерту жібергендей болады, созып қояды. Пәтердің жарты ақшасын алып алған.

Басында комфорт санаты деп сатылған пәтерлер енді қарапайым стандарт болып қалды. "Қазір алсаңдар акция болып жатыр, құрылыс материалдарын тегін береміз" деп соққан, кейін менеджер ондай жоқ деп қарап отыр. Бұл – бір ғана кейс. Ал осындай мыңдаған кейс бар. Пәтерді алғаннан кейін тағы қандай "жыр" басталады, бір Құдай біледі. Ал осындай сапасыз, алаяқ компанияның басшысымен жолығу президент мырзаның өзіне, айналасындағы осы кездесуді ұйымдастырып жүрген азаматтарға сын. Айтпақшы, мынау — бүгін желіде тарап жүрген компания бас кеңсесіндегі "күн көсемнің" бюсті.

Мейіржан Әуелханұлы

Comments
Other materials