Ұлттық статистика бюросы мәліметі бойынша Қазақстанда халық саны 20 445 231 адамға жетті, деп хабарлайды "Адырна".
Жыл басынан бері халық саны 161 832 адамға артқан. Оның ішінде:
- табиғи өсім есебінен – 151 632 адам;
- көші-қон есебінен – 10 200 адам.
Бюро деректеріне сәйкес, қазіргі таңда жеті өңірде халық саны 1 миллионнан асты. Олар:
- Алматы қаласы – 2 337 023 адам;
- Түркістан облысы – 2 148 207 адам;
- Астана қаласы – 1 612 512 адам;
- Алматы облысы – 1 586 875 адам;
- Шымкент қаласы – 1 286 087 адам;
- Жамбыл облысы – 1 216 849 адам;
- Қарағанды облысы – 1 131 818 адам.
Related news
The Prime Minister: A film will be made based on the plot of the short story “The Death of the Tazy.”
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
