Астанадан Қостанайға бет алған FlyArystan ұшағы елорда әуежайына қайта оралуға мәжбүр болды. Қостанай әуежайында ұшу-қону жолағының қары тазаланбаған, деп хабарлайды "Адырна".
Компанияның мәліметіне сүйенсек, бүгін Қостанайда ауа райы бұзылған.
«Қостанай-Астана» бағытындағы FS7342 рейсі бұның алдында Қостанайға ұшқан ұшақтың кеш оралуына себеп болған. Рейс жолаушыларына сусын мен тамақ берді. Ұшақ Астанадан 17:05-те, ал Қостанайдан 18:50-де кері ұшады», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Компания рейс кестесінде тағы да өзгеріс болса, алдын ала хабарлама жібереді.
Related news
Residents of Almaly district submitted 42 applications for the project "Budget with People's Participation".