Related news
Other materials
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз
Вьетнамның орталық аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан 28 адам қаза тауып, 6 адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Report.az-ға сілтеп.
Жергілікті БАҚ дерегіне сүйенсек, 43 адам жарақат алған. Ең көп зардап шеккен өңірлер — Хатинь, Куангнгай және Лам Донг провинциялары.
Билік өкілдерінің мәліметінше, апат кезінде 133 мыңнан астам үйді су басқан, олардың 22 мыңнан астамы әлі де су астында қалып отыр. Табиғи апат салдарынан 22 мыңнан астам мал мен құс қырылып, 245 мың тұтынушы электр жарығынсыз қалған.
Құтқару қызметтері зардап шеккен аудандарда тұрғындарды эвакуациялап, азық-түлік пен гуманитарлық көмек жеткізуді жалғастырып жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Вьетнамда су тасқыны мен көшкін салдарынан 10 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Мамандардың айтуынша, соңғы аптадағы толассыз жаңбыр мен өзендердің арнасынан шығуы апат ауқымын ұлғайта түскен.