Қызылордадағы сапар. Мемлекет басшысы балалар академиясының жұмысымен танысты

423
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qQpgUN1cf7nRzdB1PM3t7bQOrtbtV4q3P4WIWlSx.jpg
Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақорданың хабарлауынша, Президент Қызылордаға сапар барысында бірқатар өндіріс орындарын, инфрақұрылым және әлеуметтік нысандарды аралап көрді. 

Соның ішінде «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясындағы балалармен жүздескен. 
Президентке өңір жастарының зияткерлігі мен шығармашылық қабілеті туралы баяндалып, білім беру жүйесі сөз болды.
Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, Қызылорда облысында қосымша білім беру жүйесін дамыту аясында 2022 жылдан бастап Жаңақорған, Жалағаш және Шиелі аудандарында Оқушылар үйі мен Шығармашылық мектептері бой көтерген.
Былтыр облыс орталығында заманауи Оқушылар сарайы ашылды. Бұдан бөлек, Қызылордада Кәсіптік білім беру және жұмысшы мамандықтары бойынша құзыреттілік орталығының құрылысы басталды. Бүгінде Президент саябағында уақыт талабына сай балалар сауықтыру лагері мен қысқы бақ салынып жатыр.
Comments
Other materials