АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Sea Hawk тікұшағы мен Super Hornet жойғыш ұшағы Оңтүстік Қытай теңізінде екі бөлек жағдайда апатқа ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Тынық мұхиты флотының мәліметінше, 26 қазан күні түстен кейін Sea Hawk тікұшағы Nimitz атты әуе кемесінен ұшып шығып, жоспарлы жаттығу кезінде теңізге құлаған. Одан шамамен жарты сағат өткен соң, Super Hornet жойғыш ұшағы да апатқа ұшыраған.
Ақпаратқа сүйенсек, тікұшақ пен ұшақтың экипаждары уақытылы құтқарылған. Ауыр жарақат алғандар жоқ. Барлығының жағдайы тұрақты екені хабарланды.
Қазір апаттың себептерін анықтау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Related news
Yerzhan Myrzabayev was appointed as the Vice Minister of Industry and Infrastructure Development of the Republic of Kazakhstan
About 20 flights were delayed. Astana airport was closed due to the emergency landing of the Swissair plane
